Ел басын Компания әзірлеген Атырау облысында салынатын мұнай-химия кешені құрылысының жобасымен таныстыру

Тарихы


2000
    
«SAT & Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылуы. Қызметінің негізгі бағыттары: құрылыс, мұнай-химия және машина құру салалары.

2004-2007
 Компания құрамында мұнай-газ құралдарын өндіретін машина құру холдингі құрылды. Сонымен қатар, Атырау облысында мұнай-химия кешені құрылысының жобасы әзірленді.
2006
  Компания 50-ге жуық кәсіпорындарды біріктіретін ірі холдингке айналды. Серіктестік акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелді. Компанияның акциялары мен облигациялары Қазақстан қор биржасында листинг рәсіміненен өтті.

2007
  Компания дамудың жаңа стратегиясын қалыптастырып, инвестициялық саясатын металлургия және тау-кен өндірістеріне бағыттайды. Осы сала нарығында зерттеу жұмыстары басталады.

2008-2010
  Компания жаңа стратегиясын орындау мақсатында металлургия саласының біршама кәсіпорындарын иелену шараларын жүзеге асырады. Нәтижесінде ферромарганец, никель, хром және т.б. пайдалы қазбаларды өндіру тау-кен кәсіпорындары мен металлургиялық зауыттар холдинг құрамына кірді. Бұл әрекеттер Қазақстанмен шектелмей, Турция және Қытай елдерінде іске асырылды. Қазіргі кезде барлық кәсіпорындар холдингтің артқан өндірістік тапсырыстарын орындап келеді.
«SAT&Company» АҚ өзінің қызмет барысында 30-дан астам жобаны ойдағыдай іске асырып, бойына жинаған қуат-жігерін алып металлургиялық холдинг құру мақсатына бағыттауда.


2011-2012 Компания металлургия өнеркәсібінің активтерін сатып алуын жалғастыруда .ТМД елдерінде ферроқорытпа өнімдерін сату үшін Ресей Федерациясының аумағында ООО «Торговый Дом Сат» ашылды.
 
2013 Компания акцияларының нарықтық құны 245 млн долл. США құрады.


 
2014 Компания назарын қолданыстағы жобаларды қолдауына және дамытуына аударды.