«Sat Komir» тау-кен компаниясы» ЖШС

sat komir

Тарихы

«Sat Komir» тау-кен компаниясы» ЖШС  тау-кен компаниясы 2009 жылдың қарашасында құрылды.

Компания ҚР Қарағанды облысындағы қоңыр көмір Верхнесокурск кенорынының Күмісқұдық телімінде қазбалау жұмыстарын жүргізеді.

Телімнің баланстық қоры 356 млн. тонна көмір құрайды, олардың  ішінде 124,3 млн. тонна А, В және С1 санаттары бойынша ескерілген. Геологиялық құрылымы, қабаттың қуаттылығы және көмірдің сапасы бойынша Күмісқұдық телімі қатты пайдалы қазба кенорындары қорларының жіктелуіне сәйкес 1-топқа жатқызылған.

Кенорынның көмірі қоспаның кішігірім құрамы бар Қ3 маркакалы төменгі күлді қоңыр көмір болып табылады және ол энергетикалық жанармай, коммуналды-тұрмыстық жанармай ретінде, сонымен қатар май көмірлерге үстеме түрінде кокстеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Геологиялық қатардағы көмірдің орташа күлдігі 22,8-27% шамасында ауытқиды, жұмыс ылғалының құрамы — 69%, күкірттің құрамы — 0,83%, фосфордың құрамы — 0,075%, жанудың төменгі жылулығы — 5 250–5 700 ккал/кг, орташа жылулығы — 5 650 ккал/кг.

Көмір, көлденең ойықтар арқылы ашық әдіспен қазылып, тау-кен массасы автокөлікпен тасымалданады. Кенорынды өндіру жобасын «Қарағанды Гипрошахт және К» ЖШС құрастырды. 2010 жылдың аяғына қарай өндіру көлемін 1,0  млн тонна көмірге дейін жеткізу, ал  2011 жылы 1,5 млн тонна жобалық қуаттылығына толығымен жеткізу жоспарланып отыр.

Тау-кен жұмыстарымен қатар  жергілікті ресурстық қорды ұлғайту потенциалы зор  екі резервті телімде қосымша барлау жұмыстары жүргізілуде .
Қазіргі таңда компания 2Б, 2БВ, 3Б, 3БВ маркалы жоғары сапалы көмірді сатуда. Бүгінгі күнгі өнімнің бағасы сатып алушы өзі тасымалдайтын жағдайда 2600 тг , вагоннан тасымалданған жағдайда 3600 тг құрайды. Тауар көлеміне қарай бағалық жеңілдіктер берудің икемді жүйесі қарастырылған.

 

Қызметінің негізгі бағыттары

  • Көмір кенорындарын барлау және өндіру жұмыстары
  • Өнеркәсіпте және тұрмыста пайдалануға арналған көмір өндіру және тұтыну ортасына жеткізу

Мақсаты

  • Көмір өнеркәсібін дамыту барысында жоғары көрсеткштерге қол жеткізу
  • Елдің қатты жанармайға ішкі мұқтаждықтарын қамтамасыз ету және әлемдік нарыққа шығу мәселелерін табысты шешу

Байланыс ақпараты 

100012, Қазақстан Республикасы
Қарағанды қ.
Дубовская к-сі, 20
 тел/факс +7 (7212) 44-04-33(34)
info@sat-komir.kz
http://www.sat-komir.kz/