«ТЭМК» АҚ

ТЭМК

Теміртау электрометаллургиялық комбинаты

Тарихы

1940 жылы Қарағанды қаласының маңайында химиялық зауыт құрылысы жөнінде шешім қабылданып, Отан соғысы басталған кезінде бұл жоба алдыңғы кезекті құрылыстар қатарына енді. Сол жылдары салынған «Карбид» Өндірістік Бірлестігі 50-жылдарда Кеңес Одағындағы карбид кальций өндіретін үш алып зауыт қатарына кіріп, сонымен бірге ацетальдегид, каучук, винипол, кислород и азот өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынға айналды.

80-жылдардың соңында басталған қайта құру заманы кезеңінде кәсіпорын жағдайы күрт өзгерді. Кәсіпорын негізін қалаған бұрынғы  кальций карбиді өндірісі доғарылып, дивинил, және каучук цехтары жабылды, көп ұзамай органикалық синтез өндірісі де тоқтатылды. 1994 жылы Бірлестік негізінде «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» Акционерлік Қоғамы құрылып, сол кезде зауыттың кешендік даму бағдарламасы жоспарланып жүзеге асырылды. Бағдарламаны орындау барысында кальций карбиді және көмірқышқылы өндірістері қайта іске қосылды. Карбид пешінің біреуі марганец ферроқорытпалары өндірісіне бейімделіп қайта құру нәтижесінде 2000 жылдың аяғында онда алғашқы ферромарганец өнімі шығарылды. Біршама уақыт өткен соң, марганец ферроқорытпа өндіріс желісі ферросиликомарганец өнімін шығаруға дейін кеңейтілді.

Қазіргі таңда, ХМЗ «ТЭМК» АҚ Қазақстандағы ферроқорытпалар шығаратын ірі кәсіпорындар қатарына кіреді. «ТЭМК» АҚ шығаратын ферроқорытпа өнімдері құрамындағы фосфор мөлшерінің аздығынан нарықта жоғары сұраныста болып отыр. Сонымен бірге комбинат ТМД елдеріндегі кальций карбиді ірі өндірушісі бола отырып, Одақтастық кеңестігі нарығындағы өнім үлесі 30 пайыздан асып келеді.

2011 жылдың екінші жартысында компанияның инвестициялық даму бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама негізгі өндірісті сатылы тұрде жаңғырту және тау-кен базасын кеңейтуге бағытталған еді. Бағдарлама аясында 2012 жылы келесі шаралар атқарылды:

Тау-кендік 39 техника данасы сатып алынды; 
12 жыл бойы істе қолданылған ферроқорытпа пеші алғашқы рет күрделі жөндеуден өткізілді; 
2 ізбес-күйдіру пештері күрделі жөндеу жұмыстарына салынды;(күрделі жөндеу 20 жыл бойы өткізілмеген)
Оңтүстік Топар кенбасқармасының Топар-8 карьеріне теміржол тармағы салынды;
Карбид пешінің алдыңғы қабырғасын жөндеу жұмыстары жүргізіледі (20 жылдан астам жөнделмеген); 
Теміржол және тау-кен техникасы күрделі жөндеуден өтуде; 
Англомерация бойынша тәжірибелік-эксперименталдық телімді іске қосу жобасы әзірленіп, жүзеге асырылуда (2012 жылдың соңында аяқталуы  жоспарланып отыр);
Газ-тазалау жүйесі құрылысы басталды (жұмыстардың аяқталуы 2013 жылдың ақпанына көзделген);

Қызмет бағыттары

Марганец кендері мен избестас шығару және өңдеу жұмыстары.

Ферроқорытпалар мен кальций карбид өндірісі. 

Көмірқышқылы, оттегі, ізбес қосалқы өндірісі. 

Құрылымы

«ТЭМК» АҚ Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Оның құрамына химиялық, металлургиялық және тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындары кіріп, оларда істейтін қызметкерлердің жалпы саны 2 270 адам құрайды. 

«ТЭМК» АҚ қарамағында «Марганец» кенбасқармасы, Оңтүстік Топар кенбасқармасы және химиялық-металлургиялық зауыт қызмет атқаруда

«Марганец» кенбасқармасы айрықша бірқатар марганец кенорындарын игеріп отыр. «Марганец» кенбасқармасы шығаратын негізгі өнімдері - марганец концентраттары ферроқорытпа өндірісінде шикізат ретінде қолданылады. Кенбасқармасының қарамағында екі карьер игерілуде: Қарағанды облысындағы «Богач» және Шығыс Қазақстан облысындағы «Есімжал».

Оңтүстік Топар кенбасқармасы ізбестас кендерін шығарып6 оларды өндірумен айналысады. Кәсіпорын Қазақстандағы ең ірі Оңтүстік Топар флюстік ізбестас кенорынын игеруде.

Химиялық-металлургиялық зауыты «ТЭМК» АҚ-ң басты кәсіпорыны болып табылады. Онда кальций карбиді мен ферроқорытпалар ақтық өнімдері өндіріліп, өндірістік тізбектің соңы аяқталады.

Стратегиялық мақсаттары

Өнім өндіру көлемін ұлғайту. Б9л ба5ытта 2013-2014 жылдарында өндіріс қуаты жылына 45 мың тонна ферроқорытпалар шығаратын екінші пеш құрылысы жоспарланып отыр;
Өндірісте замануи энерготиімді технологияларды ендіру; 
Өнімдердің өндірістік құнын азайту және өндіріс тиімділігін арттыру;
Металдарды терең іріктеп шығару және марганец концентратының қалдықтарын қайта өңдеу технологияларын ендіру;

Басшылығы

Bayanov

Бас директор Баянов Дархан Болатович

Байланыс

101402, Қазақстан Республикасы 
Қарағанды Облысы 
Теміртау қ-сы, Привокзальная к-сі, 2 
Қабылдау бөлмесі: +7 7213 93 56 29
Коммерциялық директор: +7 7213 93 52 00
Өнім өтеу бөлімі: +7 7213 93 53 53
E-mail: aotemk_kz@mail.ru
www.temk.kz