«Арман 100» ЖШС

Тарихы

«Арман-100» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды облысы Әділет Басқармасында 22.01.2003 ж. тіркелген.

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Батыс Қамыс кенорынындағы барлау жұмыстарын жүргізіп. марганец кендерін одан әрі қарай өндіру туралы контракт (№671, 14.05.2001 ж.) «Жайрем тау-кен-байыту комбинаты» ААҚ-нан 2003 ж. желтоқсанында «Арман-100» ЖШС-не тапсырылды.
«Орталық Азиялық Инвестициялық Консалтингтік Компаниясы» ЖШС акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 28.07.2008 ж. хаттамасы негізінде «Қазақстандық тау-кен-металлургия компаниясы» ЖШС-нен «Арман-100» ЖШС-нің 100 %-дық қатысу үлесін сатып алу туралы шешім қабылдады.

Қызметiңің негізгі бағыттары

Кәсіпорын Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында, Қарағандыдан оңтүстік-батыс бағытта 360 км жерде, Жезқазғаннан шығыс солтүстік-шығыс бағытта170 км жерде, Қызылжар бекетінен солтүстік-шығыс бағытта 15 км жерде, Сарысу өзенінің оң жақ жағалауы арнасынан 1,0 км жерде орналасқан Батыс Қамыс кенорынын қазбалау жұмыстарымен айналысады.

Телімнің геологиялық кесінді ауданы 1,06 га құрайды.

Контракт шарттарына (Контракт №671, 14.05.2001 ж.) сәйкес «Арман 100» ЖШС пайдалы қазбалардың орналасу шекараларын, ондағы кен және металл мөлшерін және  кен байытудың технологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді. Бұл әрекеттің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы ҚМК пайдалы қазбалардың қор мөлшерін бекіту. Келісім-шарт бойынша өндіру мерзімі болып кезекті үш жыл анықталған, сондықтан «Арман 100» ЖШС барлау жұмыстарының барысында темір-марганец кендерінің қорын арттырып,  өндіріс мерзімін 15-20 жылға ұзартуды көздеп отыр.

«Арман 100» ЖШС өндірістік қуаттары 2 өнеркәсіптік аумақтарда орналасқан:
1 – «Казхром» КҰК» АҚ бөлімшесі «Казмарганец» РМ «Шығыс Қамыс» кен ошағына таяу орналасқан «Батыс Қамыс» темір-марганец кендерін өндіру кен ошағы;
2 – кен ошағынан 15-16 км жерде орналасқан Қызылжар т/ж бекетіндегі жүктеу пункті. Таяу тұрғын-үй аймағы - 600 м қашықтықта орналасқан Қызылжар ауылы.

Қазіргі уақытта тау-кен жұмыстары Оңтүстік кеніште жүргізілуде. Кеніштің тереңдігі 30 м-ге жетеді. Солтүстік кеніш уақытша бұғатталған.

Пайдалы қазба кендерінің бүркеме бос жыныстарын қазбалау жұмыстары БЖЖ-ны қолдану арқылы орындалады. Марганецтік тотықтанған кендер кен қоймаларына тасымалданса, бастапқы кендер арнайы үйінділерге; бүркеме бос жыныстар – сыртқы үйінділерге, төменгі сұрыптық кендер – арнайы қоймаларға тасымалданады.
Өндірістік жылдық өнімділік 260 мың тонна кенді құрайды, ал қазбалау бойынша жылдық өнімділік шамасы –  1 млн.м3. ;

Марганец кендерін және пайдалы қазба кендерінің бүркеме бос жыныстарын өндіру барысында ожау сыйымдылығы 1,7; 2,15; 3 м3 болатын Hyundai гидравликалық экскаваторлары пайдаланылады.

Кеніштен тау-кен массасын тасымалдау кезінде жүк көтергіштігі 25 тонналық Howo, Dong Feng автосамосвалдары пайдаланылады.

Марганецті-тотықтанған кендер кеніштің ернеуінде қондырылған өнімділігі 30 т/сағ УСО-да өңделеді. Бұдан кейін фракциялары 0-100 мм және 0-15 мм марганец концентраты Қызылжар б. т/ж тұйықталымына жеткізіліп, сол жерден ол тұтынушыға тікелей тасымалданады.

Басшылығы

Савуляк Галина Владимировна


Байланыс ақпараты

Нақты мекен жайы:
Қазақстан Республикасы
100000, Қарағанды қ.,  Бұхар-Жырау д-лы, 49,
«Қазақстан» бизнес орталығы, 7-қабат
тел.: +7 (7212) 98-11-64, 98-11-65;
факс: +7 (7212) 98-11-67
e-mail: info@arman100.kz 



Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Батыс Қамыс кенорынындағы барлау жұмыстарын жүргізіп. марганец кендерін одан әрі қарай өндіру туралы контракт (№671, 14.05.2001 ж.) «Жайрем тау-кен-байыту комбинаты» ААҚ-нан 2003 ж. желтоқсанында «Арман-100» ЖШС-не тапсырылды.
«Орталық Азиялық Инвестициялық Консалтингтік Компаниясы» ЖШС акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 28.07.2008 ж. хаттамасы негізінде «Қазақстандық тау-кен-металлургия компаниясы» ЖШС-нен «Арман-100» ЖШС-нің 100 %-дық қатысу үлесін сатып алу туралы шешім қабылдады.