«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

tmc

Компания тарихы         Үздіктермен теңдесу!

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қарқынды металлургиялық өнеркәсіп құру мақсатымен, 2006 жылдың аяғында «Орта Азия инвесторлық – консалтингілік компания» атты қазақстандық инвесторлар тобы, кезінде химия өнеркәсібінің алыбы есептелген «Химпром-2030» ЖШС-н химия өндірісін металлургия кәсібіне бейімдеп, қайта құруға бел байлаған болатын. Жаңа жоба Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қолдау алып, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС ел экономикасындағы алдыңғы қатарлы өндірістік- инвестициялық жобалар қатарына кірді. Бұл Қазақстан индустриясының даму тарихындағы жаңа кезеңін ашты.

Аталған инвестициялық жобаны игеру басында екі балқыту пештерін (№5, №6 пештері) қайта құру жұмыстары қолға алынды. Осының нәтижесінде 2007 жылдың шілде айында №5 пеш іске қосылды. 2007 жылдың аяғына таман, оған қоса, кенді-термикалық №6 пеш жаңғыртылып өндірісін бастады. Сонымен қатар, ферроқорытпалар өндіретін РКО-25 маркалы тағы екі пештің (№3, №4) құрылысы басталды. Бұл пештер атмосфераға тарайтын өндірістік зиянды қоқыстарын 97 пайызға дейін кемітетін газ тазарту жүйелерімен жабдықталған.

2011 жылы жаңа құрылған кенді-термикалық РКО-25 пештері іске қосылды. Сонымен бірге, қайта құрылған №5 және №6 пештерді әрмен қарай жаңғырту жұмыстары, РКО-25 маркалы тағы екі жаңа пештер құру бойынша жобалық жұмыстарға кірісу, оларды да қажетті газ тазартқыш жүйелермен жабдықтау және өндіріс телімдерінде күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Маркетингілік саясат тиімділігін ұйғастыру және Ресей Федерациясы кеңістігіндегі тұтынушылармен қарым-қатынастарды нығайту мақсатымен, астанасы Мәскеу қаласында «САТ» Сауда Орталығы ашылды. Бұл Ресей нарығынан сұраныс қоржынын толтыру мүмкіндігіне жол ашып отыр.

Жаңа пештердің іске қосылуы бәсеке қабілеттілігі жоғары сапалы өнім шығарумен қатар, жұмыс орындар санын көбейтуге және соның арқасында аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуде қатысуға мүмкіндік ашады.

Инвесторлар келген кездегі дүние жүзілік дағдарыстың келеңсіз салдары мен кәсіпорынның қаржы таршылығына қарамастан, зауыт өндірісін қалыпты түрде сақтау мен жұмыс орындарын қалдыру ұжымның қолынан келді. Қазіргі таңда Тараз металлургиялық зауытында 1400-тан астам қызметкер жұмыс атқарады.

Біз шығарған өнімдердің сапалық дәрежесі мен ішкі және сыртқы нарықтардағы сұраныс көлемдері жағдайын зауыт өнімдерімен қамтамасыз етілетін географиялық бағыттар анық көрсетеді. Қазірдің өзінде ТМЗ қоржынында Ресей және ТМД елдерінің сұраныстары толық қалыптасқан.

Қызмет бағыттары

Құрыш легирлендіруге арналған шикізат өндіру;
Келесі өнім қатарын шығару: ферросиликомарганец, марганецті лигатура, электродтық масса, ремонттық масса, қиыршық тас, фосфор өндірісінің шлак құмдары, электрокальциланған антрацит (термоантрацит)

Стратегиялық мақсаттары

• Қазақстан металлургиялық өнеркәсібінің алып кәсіпорынына айналу;
• Нарықтағы нақты орынын бекіту;
• Қаржы салымдарынан түскен пайдасын арттыру;
• Өндіріс қарқынын қамтамасыз ету;
• Өнім сапасын көтеру;
• Өндірісте озат технологияларды ендіру;
• Зауыт қызметкерлерінің әл-ауқаты мен әлеуметтік жағадайларын қаматамасыз ету;

Тараз металлургиялық зауытының құндылықтары:

• Кәсіпорынның қаржылық тиімділігі;
• Әр қызметкерді бағалау;
• Байымды басқару стратегиясы;
• Зауыт дәстүрлерін дәріптеу;
• Зауыт белсенділігін арттыру;

 

Басшылығы:



Байланыс ақпараты
Қазақстан Республикасы,
080000, Тараз қ-сы, Промзона
тел.: +7 (7262) 94-12-50
факс: +7 (7262) 94-12-60
E-mail: info@tmz.kz 
www.tmz.kz