«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС

logo_kpi


Тарихы

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының №101 Үкімет Қаулысы негізінде 2004ж 29 қаңтарында құрылды және Атырау облысындағы «Алғашқы газ-химиялық кешенінің құрылысы» Жобасының (әрмен қарай — Жоба) операторы болып табылады

Серіктестіктің қатысушылары:

  • «Барлау Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ —  51%
  • «SAT&Company» АҚ — 49%   

Жоба Қазақстан Республикасының №101 Қаулысымен 2004ж 29 қаңтарында бекітілген «Қазақстан Республикасының 2008–2013 ж.ж. мұнай-химия өнеркәсібінің даму бағдарламасы» аясында дайындалған және Теңіз кенорнындағы қомақты газ көлемін мұнай-химиялық өндіру Кешенінде шикізат ретінде қолдану, өндірілген құны артылған өнімдерді ішкі және сыртқы нарыққа шығару мақсаттарын көздейді.

Жоба «Қазақстанның 30 корпоративтік кошбасшылары» бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1293 каулысымен 2009 ж. 1 қыркүйегінде бекітілген стратегиялық-инвестициялық жобалар тізіміне ендірілген.

Полипропилен өндіретін Кешен құрылысы аймақтағы саланың жоғарытехнологиялық негізгі өнімін шығаратын мұнай-химия кластерін қалыптастырудың бастапқы сатысы болып табылады.

Жоба бойынша әлемдік дәрежедегі алдыңғы қатарлы технологиялар қолданысымен пропан (Бірінші кезең), этан (Екінші кезең) өңделіп, әрмен қарай келесі тауарлық өнім шығарылады: полипропилен — жылына 500 000 т және полиэтилен — жылына 800 000 т жуық.

Кешен салынатын телім Атырау қ.-ң солтүстік-шығыс бағытында 33 км, Қарабан бекетінен солтүстік бағытында 8-9 км қашықтықта орналасады. Телім теміржол (9,2 км), автокөлік жолы (6,3 км), су және электржүйелеріне, тасымалдайтын құбырларға жақын жатыр. Телімдерді таңдағанда, учаскелерді жоспарлау кезінде қашықтық қауіпсіздігінің инженерлік-техникалық талаптарымен бірге бүкіл халықаралық стандарттары ескерілді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 000-нан артық жұмыс орыны ашылып, Батыс Қазақстанның Еркін Экономикалық Аймақ технопаркы шеңберіндегі 3000-нан астам соңғы өнім түрлерін өндіру көзделіп отыр. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің дамуы, салық көлемдерінің өсуі және іспеттес салалардың қарқындауы күтүлуде.

Қызметінің негізгі бағыттары

  • Жобаға қажетті инжиниринг, жобалау, құрылыс жүргізу шараларын өткізу және Жобаға сырттан қаржылау көздерін іздестіру. Жоба Этанды Крекингілеу Қондырғысы, Пропанды Дегидронизациялау Қондырғысы, Этиленді Димерилизациялау Қондырғысы, Полиолефиндік қондырғылары, қосымша зауыттық нысандары, сонымен қатар Қарабатан электрстансасы, теміржол бекеті мономер құбырлары, жолдар және басқа инфрақұрылымдар сияқты телімнен тыс қажетті нысандарды құру жұмыстарын қамтиды;     
  • Жобалау, жабдықтау, құрылыс жүргізу бойынша, және де басқа Жобамен байланысты келісімдердің тапсырыс беруші міндеттерін атқару;
  • Жобаның газ өңдеу, мұнай-химия және басқа өнеркәсіп өнімдерін өндіру және нарыққа шығару шараларын атқару;

Мақсаты

Компанияның стратегиялық мақсаты 2015 жылға қарсы полиэтилен, полипропилен және басқа газөңдеу өнімдерінің жоғарытабысты және жоғарытиімді өндірушісі болу.

Ұйымдастыру және басқару құрылымдары

Бас органы — қатысушылардың Жалпы жиналысы
Жалпы атқарушы органы — Басқарма
Бақылау және қадағалау органы — Бақылау кеңесі

Басқарма

kpi_ismagulov

Басқарма төрағасы — Исмагулов Чингис Джалиденович.
Бизнес құрылымдардың басшылығында тәжірибесі мол, экономикалық жоғары білімді маман.

Басқарма төрағасының орынбасары — Ахмеров Азамат Шаймуратович.
Басқару қызметіндегі тәжірибесі мол жоғары білімді маман.

Басқарма төрағасының орынбасары — Осербай Жеңіс Алибекович.
Москваның Мемлекеттік Халықаралық Қатынастары Институты және Еуразия Университетінің түлегі, қаржы және бизнес құрылымдарында тәжірибесі мол маман.

Байланыс ақпараты

Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қ.,
Қонаев к-сі, 12/1, блок 5 «Б»
тел.: +7 (7172) 68-98-21
факс: +7 (7172) 68-98-20
e-mail: mail@kpikz.com
http://www.kpikz.com