Қазақстан мешіттері

Бұдан 20 жыл бұрын мешіттер тек облыс орталықтары мен ірі қалаларда болатын. Оның өзінде саны жеткіліксіз, тіпті кей қалаларда мешіт атағына жетпейтін, намаз оқитын бір-екі кішігірім үй орынымен шектелетін. Біздің уақытта жағдай өзгеше – мешіттер әр қала мен ауылда орын алған, кішігірім ауылдың өзінде намаз оқып, діни ғұрыптарын атқаратын үй табылады.

Қазіргі таңда Қазақстандағы мешіттер саны үш мыңға жетіп, күннен күнге артып келеді. Әсіресе, баяғыдан халқында дінге жақын әдет-ғұрыптары ның қалыптасуы және тұрғындар саны басымдығы мен тығыз орналасуына байланысты мешіттердің көпшілігі еліміздің оңтүстік аймақтарында салынып жатыр. Бірақ, кеңес заманында дінге қарсы идеология езгісі мен орыстандыру саясатына мүшкіл болған солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындарында соңғы жылдары рухани санасының оянып өрлеуі айқын көрінеді.

2008 жылы Қазақстанның батысындағы Ақтөбе қаласында 2500 адам намаз оқитын еліміздің ең ірі және әсем мешіттерінің бірі салынып, халқын көп қуанышқа бөлді. Тағы бір көңіл білдірер жәйт – мұсылман мешітімен бірге, қаланың орталық даңғылының арғы бетінде ірі христиандық православие шіркеуі де салынды. Бұл арада ақтөбеліктердің дінаралық қатынастарының сауалдығы және жалпы Қазақстан халқының ынтымақтығы анық байқалды.

Сол жылы солтүстік - шығыстағы Павлодар қаласында 500 намаз орынын, солтүстіктегі Петропавловск қаласында 750 намаз орынын қамтитын мешіттер салынды.

2008 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласында 3000 намаз орынына арналған ірі мешіт құрылысы басталды. 2009 жылы дағдарыс салдарынан қаржы таршылығына тірелген құрылыс доғарылып, биылғы көктемде құрылыс жаңа қарқынмен жалғастырылды.

2009 жылдың елеулі оқиғаларының бірі 29 маусымда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында 5000 орындық «Әзірет Сұлтан» мешітінің іргетасы қаланды.

2009 жылдың қарашасында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында 1000 намаз орынын қамтитын мешіт құрылысы өріс алды.

Барлық мешіттер жеке тұлғалар мен ұйымдардың және бизнес өкілдері тарапынан демеушілік қаржыландыру арқасында салынуда.